WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

«MEDIKER» медициналық орталықтарында вакцина салдыру бойынша ақпарат

Поделиться:

Пятница 9 Апрель 2021

Құрметті емделушілер!

2021 жылдың 2-ші сәуіріне біздің желінің 8 медициналық орталығы COVID-19 вакциналарын алғанын хабарлаймыз.

Сіздер төменде көрсетілген клиникаларда коронавирусқа қарсы вакцина салдыра аласыздар:

  • Астана Медикер;
  • Медикер Жайық, Қамқор ГП2;
  • Медикер ЮК;
  • Ақсай Медикер;
  • Алматы Медикер;
  • Алатау Медикер.

COVID-19 вакциналары Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпсіз. Олар жұқпалы агентке, яғни ауру тудыруы мүмкін вирустар, бактериялар немесе басқа микроорганизмдерге еліктейді. Сондықтан адамның иммундық жүйесі оған тез және тиімді жауап беруді «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакцина ауруды қоздырмай, ағзаның иммундық реакциясын қауіпсіз түрде қалыптастыруы үшін, оны әзірлеуде белсенді емес немесе әлсіреген вирустың фрагменттері қолданылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина салдыру алдында ағзада антиденелерді анықтауға арналған зерттеу жүргізу талап етілмейді. Коронавируспен ауырып жазылған адамдарды аталған инфекцияға қарсы вакцинациялауды сауыққаннан кейін 6 айдан соң денсаулық жағдайын ескере отырып, КВИ антиденелеріне скрининг жасамай жүргізу ұсынылады.

Вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан жаппай қолдану үшін мақұлданды, олардың қауіпсіздігі мен ауруларға қарсы тиімділігін дәлелдеу үшін қатаң тексерулер мен клиникалық сынақтардан өткізілді, сонымен қатар вакцина ұлттық реттеушінің стандарттарына сәйкес келеді.

Вакцина салдыру алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі, медициналық орталықтардың байланыстары келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://mediker.kz/mc/


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз