Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Миссиясы және көрінісі

Поделиться:

Медикер«Медикер» ЖШС - өз клиенттеріне жоғары кәсіби медициналық қызмет көрсету мен керемет сервисті ұсынатын сенімді қазақстандық компания. Біз жұмысымызды сыйластық, риясыздық, әділдік, нәтижелілік, қамқорлық және сенім қағидалары негізінде құрамыз. Компания өзінің әлеуметтік жауапкершілігін ұғады, қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет етеді, клиенттер мен серіктестерге берген барлық міндеттемелерін орындайды.

Біздің миссия

Қазақстандағы жекеменшік медицинаның жоғарынәтижелі бизнес моделі.

Қағидалары

Ірі бизнеспен серіктестік және бірігу. Инвестициялық тартымдылық.

Принципы

Клиентке бағытталғандық. Басты мақсатымыз клиенттеріміздің өмір сапасын үнемі жақсарту арқылы оның құқықтары мен қажеттіліктеріне құрмет болып табылады. «Медикер» ЖШС компаниялары тобына кіретін медицина орталықтарында, Қазақстанның кез келген өңірінде қызмет көрсету және сабақтастықтың жоғары деңгейін көрсетіп, клиенттеріміздің тұрғылықты мекеніне жақын жерде медициналық қызметтердің кең көлемін ұсыну.

Жоғары сапа және қауіпсіздік. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шарттарының бірі, медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Біз дәлелді медицина қағидаларына негізделген және диагностикалау мен емдеудің заманауи протоколдарына жауап беретін алдыңғы қатарлы диагностикалау және емдеу әдістерін енгізу жолымен, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге талпынамыз. Біз сапа менеджментін енгіземіз. Біз ұлттық аккредиттеудің жоғары стандарттарын алуға және ұстап тұруға тырысамыз. Келешекте халықаралық JCI аккредиттеуден өтуге үміттіміз.

Кәсібилік. Кәсібилігі жоғары кадрлар дамуымыздың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Біз персоналымызды бағалаймыз, үнемі олардың кәсіби дамуына инвестиция жасаймыз және оларда бар қабілеттің нәтижелі жүзеге асуына жағдай жасаймыз.

Пікіріңізді қалдырыңыз
CAPTCHA