WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Көктемгі маусымға дайындық туралы дәрігердің кеңесі

Поделиться:
Көктемгі маусымға дайындық туралы дәрігердің кеңесі

Четверг 25 Март 2021

Көктемгі маусымның басында біз қазақстандықтарға өз денсаулықтарына көңіл бөлуге және иммундық жүйені нығайтуға кеңес береміз. Белсенді өмір салтын бастаңыз! Мұны істеу үшін спорт залдарына барудың қажеті жоқ, күнделікті  кез-келген уақытта —  таңертең, түстен кейін, кешке ұйықтар алдында таза ауада серуендеу жеткілікті. Сондай-ақ, күн сәулесі ағзаға жағымды әсер ететінін, D дәрумені қорын толықтыратынын, көңіл-күйді жақсартатынын, метаболизм мен қан айналымын ынталандыратынын және иммундық жүйеге жағымды әсер ететінін есте ұстаған жөн. Тыныш әрі қалыпты ұйқы иммунитетті нығайтудың, шаршау мен тітіркену деңгейін төмендетудің маңызды факторы болып табылады.

Ұйқыға кем дегенде 6 сағат кетуі керек. Күйзелістен аулақ болыңыз, өйткені оның салдарынан дененің көктемге бейімделу процестері бұзылуы мүмкін. Дұрыс тамақтануға көшіңіз. Мүмкіндігінше көктемгі кезеңде жаңа піскен аскөк, өңделмеген көкөністер және жемістерді шамадан тыс қолданбау керек. Қыста дене мұндай тағамды қабылдамағандықтан, енді ас қорыту жүйесін талшықтың көп мөлшеріне үйрету үшін уақыт қажет. Дәрумендер мен микроэлементтерді қабылдауды бастаңыз. Көктемгі ұйқышылдық және шаршағыштық, сылбырлық және әлсіздік, құрғақ тері, сынғыш тырнақтар және шаштың түсуі гиповитаминоздың белгілері болып табылады. Витаминді-минералды кешенді препараттар ағзаның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектеседі. Суық тиюден сақтаныңыз. Қысқы киімді тастауға асықпаңыз.Тыныс жолдарының инфекцияларынан сақ болыңыз, яғни қарапайым гигиена және суықтың алдын-алу ережелерін сақтаңыз. Уақытылы жыл сайынғы вакцинациядан өтіңіз. Егер созылмалы ауру болса, дәрігерге баруды және профилактикалық емдеу курсынан өтуді ұмытпаңыз, денсаулықты жақсартуға санаторийге барсаңыз тіпті жақсы. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін!

Ботагөз Қалдыбекова,
«MEDIKER Astana» ЖШС директоры,
MBA магистрі, жоғары санатты дәрігер


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз