WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

MEDICELL BANK

Поделиться:
MEDICELL BANK

MEDIKER Healthcare сізге бағаналы жасуша банкі қызметін ұсынады.

Біз сіздің балаңыз болашақта әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолдана алатын, жаңадан туған кезінде алынатын, бағаналы жасушаларын сақтау қызметін ұсынамыз.

MEDICELL BANK - Қазақстанда бағаналы жасушалар банкін құрған, бағаналы жасушаларды жинау мен сақтауды заңды түрде жүзеге асыратын алғашқы компания. Біз 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Біздің қызметіміз толығымен лицензияланған және сертификатталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген.

MEDICELL BANK  бағаналы жасушалар банкі -  бағаналы жасушаларды бөлуге, диагностикалық және зертханалық зерттеулерге арналған жабдықтары бар мамандандырылған зертханалық кешендер, жасушалық препараттарды ұзақ уақыт сақтауға арналған жоғары технологиялық криоқоймалар. Біздің арнайы жабдықталған зертхана-қоймамызда кіндік қанының бағаналы жасушалары "IceCube" бағдарламалық мұздатқышында -196ºс температурада сақталады. Мұндай криогендік технология бағаналы жасушаларды шексіз уақыт сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің мамандар инфекия жұқтыру ықтималдығын азайтып, барынша көп мөлшерде материал алуға жағдай жасай отырып жұмыс істейді. Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Қазақстанның кез келген басқа қаласында кіндік қаны алынған кезде арнайы термоконтейнердегі үлгіні курьерлік қызмет алдын ала мұздатусыз 12-24 сағат ішінде бағаналы жасуша банкінің зертханасына жеткізеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз тәулік бойы жұмыс істейміз.

Сіз балаңыздың кіндік қаны шетелдік жетекші кіндік қан банктерінің стандарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жиналғанына, өңделгеніне және сақталатынына сенімді бола аласыз.

MEDICELL BANK серіктестері - еліміздің барлық жетекші перзентханалары. Сонымен қатар, біз Еуропаның жетекші кіндік қан банктерімен серіктестік қарым-қатынастамыз. Бұл бізге жасушалық материалдарды жинау мен сақтаудың озық технологиялары мен әдістерін енгізуге, сондай-ақ өз тұтынушыларымызға қосымша диагностикалық және емдік қызметтердің кең көлемді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа туған нәрестенің бағаналы жасушаларын сақтау - бүкіл отбасы үшін биологиялық сақтандыру мүмкіндігі!

Бағаналы жасушалар - дененің барлық жасушалары мен тіндерінің прекурсорлық жасушалары. Бұл жасушалар шартты түрде гемопоэтикалық және мезенхималық болып екіге бөлінеді. Кіндік- жүктілік кезінде ана мен бала арасындағы байланыс, сонымен қатар өмірді сақтау үшін қажетті бағаналы жасушалардың көзі.

Бағаналы жасушаларды пайдалану онкологиялық аурулардың, даму кемістіктерінің, қан ауруларының және тағы басқаларының алдын алу мен емдеудің әртүрлі салаларында қазіргі заманғы медицинаның дамуының өзекті бағыты болып табылады. Жыл сайын бағаналы жасушалар көмегімен емделетін аурулардың тізімі артып келеді.

Сіз жүктілікті жоспарлау кезінде де, 6-7 айда да қанның бағаналы жасушаларын сақтау туралы жоспар құра аласыз.

Қосымша ақпаратты MEDIKER Healthcare-дің кез-келген бөлімшесінен алуға болады.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз