WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Назар аударыңыз!

Поделиться:
Назар аударыңыз!

Пятница 11 Сентябрь 2020

Назар аударыңыз! Азаматтарды денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеу бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша жүзеге асырылады. Ерікті таңдау кезінде медициналық ұйымға тіркеу жылына бір реттен аспайтын жиілікпен жүзеге асырылады.

Бүгінде Қазақстанның әрбір тұрғынының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарты бар, мемлекеттік болсын, жеке болсын, медициналық ұйымға еркін тіркелу мүмкіндігі бар. MEDIKER компаниясы көптеген жылдар бойы ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасының халқына өз қызметтерін ұсынып келеді және жеке медициналық орталықтар желісіне келесі жағдайларда қосылуға болатынын естеріңізге салады:

  • Сіз мекенжайыңызды ауыстырсаңыз;
  • Сізде ерікті медициналық сақтандыру болса;
  • Сіздің емханаңыз жабық болса немесе ӘМСҚ-мен жұмыс істеуін тоқтатса; 
  • Сізге емханаңыз ұнамаса жылына бір рет оны өзгертуге құқығыңыз бар.

MEDIKER медициналық орталығына тіркелуді үш тәсілмен жүзеге асыруға болады:

  1. таңдалған медициналық орталыққа тікелей жүгінуге (өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз болуы және тіркеуге өтініш жазуыңыз қажет) немесе МО-ның тіркеу орнындағы ақпараттық киоск арқылы egov.kz веб порталында тіркеуге өтініш беруге болады (өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз және ЭЦҚ бар флеш карта болуы қажет, егер ЭЦҚ бар флеш карта болмаса да, ЭЦҚ болса, жеке куәліктен CARD READER арқылы ЭЦҚ деректерін оқуға болады);
  2. egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн (портал арқылы тіркелу кезінде авторизациядан өту, электрондық өтінімді толтыру қажет, ал қызмет көрсету нәтижесі өтініш берушінің Жеке кабинетіне жіберіледі);
  3. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында.

Естеріңізге сала кетейік, MEDIKER жеке медициналық компаниясы 18 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және бүкіл Қазақстан бойынша оның медициналық  орталықтарының кең желісі бар. Компания дамуының маңызды факторы - қызмет көрсету сапасын жақсарту. MEDIKER компаниясы өз қаражатын үнемі персоналға салады: дәрігерлердің біліктілігін арттырады, әкімшілік қызметкерлерді оқытады, шетелдік мамандарды тартады, түскен қаражатты қызметкерлерді дамытуға, жалақысын көтеруге, жаңа жабдықтар сатып алуға және инновациялық әдістер мен технологияларды енгізуге жұмсайды. Компанияның сапасы мен дамуы - бұл бір процестің мән-мазмұны. Сондықтан халықтың еркін тіркелуі аясында жыл сайын 30 000-нан астам адам MEDIKER компаниялар тобының медициналық орталықтарын таңдайды.

Азаматтарды денсаулық сақтау ұйымдарына еркін тіркеуге қатысатын MEDIKER медициналық орталықтарының тізімі:

Нұр-Сұлтан қаласы:

MEDIKER Көлсай

Құрғалжын тас жолы 4/1

8 (717) 279 76 24

MEDIKER Изумрудный

Қонаев к-сі, 8,  «Б» блогы,

4 -қабат

8 (717) 279 76 19

MEDIKER ЭКСПО

Қабанбай батыр даңғылы, 60а/19

 

MEDIKER Педиатрия

Тәшенов к-сі, 20

8 (717) 255 81 21

Алматы қ.

 

 

MEDIKER Алатау

Орбита-2 ш/а., Навои к-сі, 310

8 (727) 259 73 95

MEDIKER Асисстанс

Сәтпаев к-сі, 18А

8 (727) 311 51 16

Шымкент қ.

MEDIKER ОҚ

 Нұрсәт ш/а., Арғынбеков к-сі, 640

8 (725) 227 94 33

MEDIKER 4К

Бейбітшілік, 2Б

8 (725) 292 19 95

Ақтөбе қ.

MEDIKER Елек

11 ш/а., Әз Наурыз к-сі, 5

8 (713) 270 39 21

Атырау қ.

MEDIKER Жайық

Севастополь к-сі, 10А

8 (712) 246 52 76

«MEDIKER Құлсары» ДА

Құлсары қ., Завершинский к-сі, 74, Атырау облысы

8 (71237) 5 01 05

Ақтау қ.

MEDIKER Каспий

Ақтау қ., 26 – ш/а.. № 17/1 ғимарат

8 (729) 220 33 14

Жаңаөзен қ.

MEDIKER плюс

Самал ш/а., 39А ғимарат

8 (729) 349 30 65

«MEDIKER Мұнайлы» ДА

«Мұнайлы» ш/а.,  Ғабдуллин  к-сі 1,  Маңғыстау облысы

8 (72934) 59 1 59

Орал қ.

«MEDIKER Ақсай»

Молдағалиев к-сі, 23 Н

8 (711) 250 51 55

«MEDIKER Ақсай» ДА,

Жәңгірхан к-сі, 43/2

 

«MEDIKER Ақсай» ДА, Ақсай қ.

Ақсай қ., 2 ш/а., 1/3 үй

8 701 995 47 15

 


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз