WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Желшешек

Поделиться:
Желшешек

Желшешек (желшешек) – өзгеше көпіршіген бөртпемен өтетін тез жұққыш жұқпалы ауру. Адамдар көп жиналатын орындар - балабақшаға немесе мектепке баратын балалар жиі ауырады.

Ауруды ұшық вирустарының бірі тудырады. Желшешек – өте жұқпалы ауру. Вирус ауру адамнан сау адамға әуе-тамшы жолмен (сөйлескен кезде, бір кішкентай бөлмеде болу) беріледі. Сонымен қатар науқастан белдемелік теміреткімен (ұшық вирусының сол бір түрі тудырады) де жұғуы мүмкін.

Желшешекпен сырқаттанған науқас бөрту пайда болғанға екі күн қалғанда жұқпалы болады, және бөртпе пайда болғаннан кейін алғашқы 5-7 күн ішінде жұқпалы болып қалады.

Желшешектің инкубациялық мерзімі 7-21 күн. Адам ағзасына вирус мұрын, ауыз және жұтқыншақтың шырышты қабығы арқылы түседі. Кейін ағзаға лимфамен және қанмен шапшаң таралады, теріге және шырышты қабыққа еніп, ол жерде көбейеді. Не болады?

Желшешек температура 38°C дейін көтерілуден, әлсіреуден басталады.

Бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, денеде, шырышты қабықтарда (ауызда, жыныс мүшелерінде) 5-7 мм. көлеміндегі қызыл дақтар пайда бола бастайды. Бірнеше сағат өткен соң, сол дақтардың орны күлбірей суланып, содан соң мөлдір сулы кішкентай, нүктелі сулы бөртпелер пайда болады. Бір-екі күннен кейін олардың сырты қабыршақтанады да, із қалдырмай, түсіп қалады.

Жаңа бөртпелердің пайда болуы (3-8 тәулік ішінде) және бөрткендердің жеке элементтерінің трансформациясы бір мезгілде жүреді, сондықтан терінің бір бөлігінен дақтарды да, күлбіректерді де, сулы бөртпелерді де, қабыршақтарды да көруге болады.

Бөртпелер қатты қышиды. Әрбір бөртпе шыққан сайын дене қызуы көтеріліп, баланың хал-ахуалы бұзылады. Бөртпелерді қасу мен қабыршақтарын сыдыру - жарақаттарға жұқпа түсіп, олардың іріңдеуіне әкеліп соғады.

Асқынулар

Желшешектің асқынуы сирек кездеседі және бөртпелерді бейберекет зарарсыздандыру мен олардың іріңдеуінің салдарынан тыртықтардың пайда болуымен байланысты болады.

Ми мен ішкі органдарды зақымдайтын желшешектің ауыр түрі әлсіз балаларда өте сирек кедеседі. Аурудың осындай түрлеріне арнайы терапиялық әдістерді қолдана отырып, ауруханаларда ем жүргізеді. Диагностикалау мен емдеу. Ауру диагнозын дәрігер желшешекпен ауыратын науқаспен қатынаста болу туралы деректер бар болған жағдайда және клиникалық сипаттаманың негізінде (ауруға тән бөртпелер мен жалпы жағдайы) қояды.

Желшешекті емдеу үй жағдайында жүргізіледі. Емдеудің мақсаты - сулы бөртпелердің іріңдеуіне жол бермеу. Ол үшін жасыл дәрі тамаша көмекші болады, Кастеллани сұйықтығын, фукорцин немесе марганец түйіршіктерінің су ерітінділерін және т.б. пайдалануға болады. Балалар спирт ерітінділерін өте ауырсынып қабылдайды.

Аурудың қозған алғашқы күнінен бастап, баланы марганец түйіршіктерінің әлсіз ертіндісін қосқан былауда шомылдыру қажет. Балақанның терісіне барынша жайлы жағдай жасаңыз: тығыз және тар киім кигізбеңіз, тек қана мақта-матадан жасалған киім пайдаланыңыз.

Егер Сіздің балаңызды қатты қышу мазаласа, ол жайлы дәрігерге айтыңыз: ол аллергияға қарсы құралдар тағайындайды.

Дене қызуы 38 0С-тан жоғары көтеріліп, қалтыраған кезде балаға ыстығын түсіретін құралдар беру қажет (парацетомол, ибупрофен).

Желшешекпен ауырған баланы аурудың басталған күнінен бастап тоғыз күн бойы үйде оқшаулап ұстайды. Мектепке дейінгі балаларға мекемелерінде ұзақтығы 21 күндік карантин орнатылады.

Алдын алу

Желшешекке қарсы вакцина шығарылмаған, сондықтан екпе жасалмайды.

Адам өмірінде желшешекпен бір-ақ рет ауырады: балалық шақта желшешекті бастан өткізген адам науқастанған адаммен қорықпай араласа беруіне болады – ол үшін вирус қауіпсіз.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз