WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Аденоид: ота жасалмай оңалмайды

Поделиться:
Аденоид: ота жасалмай оңалмайды

Аденоид деген не?

Аденоид - мұрын-жұтқыншақ бадамшаларының негізін құрайтын лимфалық тіннің түзілуі. Бадамшалар жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерінде орналасқандықтан, оларды жай қарағанда көру мүмкін емес. Сол себепті мұрын-жұтқыншақ бадамшалары арнайы ЛОР құралдары арқылы тексеріледі.

Аденоид, дәлірек айтсақ, аденоидты вегетация (аденоидты өскін) - 1 жастан бастап 14-15 жастағы балалар арасында кең таралған ауру. Көбінесе бұл ауру 3 пен 7 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Соңғы кездері аденоид сәбилерде де байқалуда. Балалардың аденоидке шалдығуы ортаңғы құлақтың қалыпты физиологиясының өзгеріп, баланың есту қабілетінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Қалыпты жағдайда сыртқы атмосфералық қысым мен ортаңғы құлақ қуысындағы ішкі қысым арасындағы айырмашылық есту (евстахий) түтігі арқылы реттеліп отырады. Ұлғайған мұрын-жұтқыншақ бадамшалары есту түтігінің жолын бөгеп, ортаңғы құлаққа ауаның еркін өтуіне кедергі келтіреді. Осының нәтижесінде дабыл жарғағы өзінің қозғалғыштығынан айырылады да, есту түйсіктеріне әсер етеді. Жиі салқын тигеннен болатын аурулар

Мұрын қуысының қалыпты физиологиялық жағдайы - мұрынмен еркін тыныс алу. Әдетте мұрынның шырышты қабығы мен мұрынның қосалқы қуысы бактериялардан, вирустар мен басқа да ауру тудырушы факторлардан «тазартатын» шырыш түзеді. Егерде балада оның тыныс алуына кедергі келтіретін аденоидтар бар болса, онда шырыштың ағып шығуы қиындап, инфекцияның дамуы мен қабынба  ауруларының пайда болуына қолайлы жағдай туындайды. Басқа аурулар, аллергия.

Аденоид мұрынмен тыныс алуға кедергі келтіре отырып, қабынба ауруларды тудырып қана қоймай, сонымен қатар өзі де бактериялар мен вирустардың тіршілік ортасына айналады. Сондықтан мұрын-жұтқыншақ бадамшаларының тіні әдеттегідей созылмалы қабыну жағдайында болады. Ол жерге микробтар мен вирустар «түпкілікті орнығып» алады. Сөйтіп, созылмалы инфекция ошағы пайда болып, ондағы микроорганизмдер бүкіл ағзаға тарайды.

Белсенділік пен оқу қабілетінің төмендеуі

Мұрынмен тыныс алу қиындаған кезде адам ағзасы 12-18%-ға дейін оттегіден тапшылық көретіні дәлелденген. Сол себепті аденоидтың салдарынан тыныс алуы нашарлаған балада үнемі оттегі жетіспеушілігі байқалады және де ең әуелі бас миы зардап шегеді.

Сөйлеу қабілетінің бұзылуы

Аденоидке шалдыққан баланың бет қаңқасы сүйегінің өсуі бұзылады. Бұл, өз кезегінде, сөйлеудің қалыптасуына теріс әсер етуі мүмкін. Бала кейбір әріптерді дұрыс айтпай, көбіне мұрнынан (мыңқылдап) сөйлейді. Бұған қоса ата-аналар мұндай өзгерістерді байқамайды, өйткені балаларының сөйлеген сөздеріне «құлақтары үйреніп» кетеді.

Ортаңғы құлақтың созылмалы аурулары

Жоғарыда айтылғандай, аденоидтық өскіндер есту түтігі жолдарын бөгегендіктен, аденоидтың ұлғаюы ортаңғы құлақтың физиологиясына зақым келтіреді. Сонымен қатар, бұндай кезде ортаңғы құлақта инфекцияның енуі мен дамуына  қолайсыз жағдайлар туындайды.

Тыныс жолдарының созылмалы аурулары

Аденоидты тіннің ұлғаюына байланысты онда созылмалы қабыну үрдісі жүреді. Соның салдарынан үнемі шырыш немесе ірің пайда болып, ол ауырлық күшінің әсерінен төмен жатқан тыныс алу жүйесінің бөліктеріне түседі де олардың шырышты қабығы арқылы өтіп,  ісіп қызару үрдісін, яғни фарингит (жұтқыншақтың қабынуы), ларингит (көмейдің қабынуы), трахеит (кеңірдектің қабыуы) және бронхит (бронхтың қабынуы) ауруларын тудырады.

Бұл аденоидты вегетацияның салдарынан пайда болатын бала ағзасындағы ең айқын көрінетін және жиі кездесетін аурулар болып табылады. Негізінен, аденоидтың салдарынан туындайтын патологиялық өзгерістердің ауқымы бұдан да кең. Оның қатарына қан құрамының өзгеруі, нерв жүйесі дамуының бұзылуы, энурез, бүйрек қызметінің бұзылуы, т.б. кіреді.

Әдетте, осы белгілердің біреуінің болуы науқасқа диагноз қойып, барабар емдік шараларын жүргізу үшін әбден жеткілікті.

Сондықтан, егер сіз балаңыздан осы аталған белгілердің біреуін тапсаңыз, көп кешіктірмей ЛОР дәрігеріне қаратыңыз. Әрине, адам аденоидпен ұзақ өмір сүре береді, және бұндай жайттар мамандарға да мәлім. Дегенмен, қалай болғанда да, әртүрлі асқынулар өмір сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз