WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Аритмии

Поделиться:
Аритмии

Бұл не?

Жүректің әр соғысы кезінде оның бөлімдері – алдымен жүрекшелері, сосын қорыншалары кезекпен жиырылатыны белгілі. Жиырылулар бірдей уақыт аралығында кезек-кезек жүреді. Жүрек бөлімдері жиырылу жиілігі, ырғағы және кезектілігінің бұзылуын ырғақсыздық деп атайды. Жүрек аурулары мен ауруларынан өлім статистикасында, жүрек ырғағының бұзылуы ажал себебі ретінде барлық аурулардан 10-15% құрайтынын көрсетеді.

Неден болады?

Сау адамда көп тамақ, іш қату, тар киім, жәндіктердің шағуы, кейбір дәрі-дәрмектер, стресс ырғақсыздыққа себепкер болуы мүмкін. Ырғақсыздықтың қант диабетімен (әсіресе ауру май басу және жоғары артериялық қысыммен қабаттасса) ауыратын адамдарда даму қауіпі жоғары. Ырғақсыздық қарапайым себептерден тууы мүмкін: мәселен әйелдердегі етеккір келер алды синдромы аритмиялар, жүректегі аурулар, демігумен бірге жүреді.

Ырғақсыздыққа бейім болу тұқым қуалауы немесе жүрекке жасаған хирургиялық отадан кейінгі асқыну да болуы мүмкін. Сонымен қатар ырғақсыздық келесі бірқатар аурулардың симптомы болуы мүмкін:

  • гипертония - гипертония

  • пороки сердца, сердечная недостаточность, ишемическая болезнь сердца –жүрек ақауы, жүрек жеткіліксіздігі, ишемиялық жүрек ауруы

  • пролапс митрального клапана – қос жармалы қақпақшаның түсіп қалуы

  • заболевания щитовидной железы и ряд других гормональных расстройств. – қалқанша безінің аурулары және басқа гормоналды бұзылулар

Не болып тұрады?

Жүрек жұмысының үйлесімділігі жүректің арнайы өткізгіш жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүрек бұлшықетінің келісімді жиырылуын басқаратын, электр импульстерін шығаратын және өткізетін арнайы жасушалар.

Жүректің жиырылуын іске қосатын импульс оң жақ жүрекшеден, синус түйіні деп аталатын жерден шығады (ырғақ жүргізуші). Дәл осы түйін жүректің минутына 60-90 рет соғу жиілігімен жиырылуына жауапты. Содан соң сигнал қалған жүрекшелер тарап, жиырылу тудырады, сосын қарыншаларға тарайды. Бұл жүйедегі бұзылу жүрек ырғағының бұзылуы (ырғақсыздыққа) әкеледі.

Қай жерде бұзылу жүретініне қарай, жүрекше және қарынша ырғақсыздықтары деп бөледі.

Егер тамыр соғысының жиілігі минутына 90 соғудан асса, оны тахикардия деп атайды. Жүрек соғысы жылдамдығы физикалық және эмоциялық жүктеме кезінде көбеюі мүмкін (сау жүректің қалыпты жауабы). Дене температурасының көтерілуі тахикардия тудыруы мүмкін. Дене температурасының 1 градусқа көтерілуі жүрек соғысын 10 рет соғуға арттырады деп есептеледі. Тахикардия көптеген аурулардың себебі болуы мүмкін, дегенмен норманың нұсқасы да болуы мүмкін.

Егер тамыр соғысы минутына 60 реттен аз соқса, брадикардия туралы айтады. Брадикардия дені сау адамдардың бәрінде болуы мүмкін. Әдетте ол спортшыларда байқалады. Қалыпты брадикардия жүрек бұлшықетін қандандыруға қолайлы жағдай жасайды, себебі қан оған тыныштық жағдайында ғана бара алады (яғни жиырылулар арасында).

Брадикардиядан брадисфигмияны – қалыпты жүрек жиырылуы жағдайындағы сирект тамыр соғысын ажырату керек. Брадисфигмия жүрек жиырылуы білінердей тамыр соғысы толқындарын тудырмаса анықталады.

Егер дұрыс жүрек жиырылулары ырғағына уақытынан бұрын жиырылу шұбалса, экстрасистолия жайлы айтады. Экстрасистолияның көпшілік себебі вегетативті-қан тамыры дистониясы, бастан кешкен миокардит, өт қабы аурулары, темекі шегу немесе стресс.

Ең көп тарағандардың бірі – жыбырлақ ырғақсыздықта жүрек циклінің бір сатысы, атап айтқанда жүрекшелердің жиырылуы жоғалып кетеді. Олардың бұлшықет талшықтары синхронды жұмыс істеу қабілетін жоғалтады. Нәтижесінде жүрекше тек ретсіз жыбырлайды. Осыданқарыншалар да ырғақсыз жиырылады.

Сондай-ақ ұстамалы ырғақтың бұзылуын бөліп шығарады (ұстама – аяқ астынан пайда болған жағдай). Сырттай сау адамда бір мезетте өте жылдам, ырғақты немесе ырғақсыз жүрек соғысы пайда болады, тәжірибесі жоқ кісіге тамыр соғысын санау мүмкін емес, оның жылдамдығы минутына 150-200 соққыдан асады. Егер ұстама бір я бір жарым сағаттан көбірекке созылса, демікпе және жүрек тұсындағы аурулар пайда болады. Көбінеме жүрек соғысы ұстамасы қалай басталса солай бірден аяқталады. Жүректің жылдам соғуы тоқтайды, адам кіші дәретке қысылады, себебі несеп өте көп бөлінеді. Егер ырғақсыздықтарды қауіптің басы санасақ, оның ішіндегі ұстамалар ең қауіптісі саналады.

Қорыл кезінде жүрек ырғағының бұзылуы және ұйқының обструктивті дем тоқтауы синдромы ерекше сипатқа ие. Тыныс алу тоқтаған сәтте брадикардия (жүрек ырғағының бәсеңдеуі), ал желдету сатысында дем тоқтағаннан кейін тахикардия (жүрек соғысының жылдамдауы) дамиды. Кейде тербеліс диапазоны минутына 30-40 соққыны құрайды, бұл ауытқулар әр минут сайын немесе одан да жиірек қайталануы мүмкін.

Жүрек ырғағы жиілігі мен тұрақтылығының жылдам ауысуы немесе бірден бәсеңдеуі тән аритмиялар жүректің бүкіл жұмысын кәдімгідей бұзады, тіпті қолқа құйылатын қан көлемін азайтады. Бас миы «қан аштығына» ең сезімтал болғандықтан, адамның бірден басы айналуы немесе тіпті естен тануы мүмкін.

Диагноз

Ырғақсыздық – жеке-дара ауру емес, аурудың симптомы. Жалпы ол өздігінен кетуі мүмкін. Бірақ егер ырғақсыздық бірнеше сағат сақталса немесе асқыну туындаса, бірден медициналық көмекке жүгіну керек. Дегенмен аритмия жойылғанның өзінде де кардиологқа көрінуді кешіктірмеу керек. Ырғақтың қайта бұзылуы кез келген уақытта болуы және өте жаман аяқталуы мүмкін.

Ырғақсыздықтың негізгі симптомдары артық немесе жіберіп алған жүек соғысы сезімі, тым жылдам я тым бәсең жүрек соғысы. Сондай-ақ әлсіздік, тез шаршау, ентігу, бозару, жүрек ауруы және т.б. сезілуі мүмкін.

Ырғақсыздық себебін анықтау үшін аритмолог дәрігер ЭКГ-атропин сынамаларын өткізеді. Бұл әдіс тамырға жүрек ырғағын жылдамдататуды тудыратын зат – атропинді енгізгеннен соң кардиограмманы түсіруге негізделген. Оның үстіне фонокардиография әдісімен жүрек үні мен шуларын зерттейді. Сонымен қатар адамның қалыпты электрокардиограммасын (ЭКГ), физикалық жүктеме жағдайындағы ЭКГ, тәулік ішіндегі ЭКГ мониторингін және ультрадыбысты жүрек зерттеуі - эхокардиографияны жазуды жүргізеді.

Емдеу

Аритмолог немесе кардиолог нұсқауы бойынша жүрек ырғағын қалпына келтіру үшін өңеш арқылы электрстимуляциялау жүргізеді, бұл әдіс те ырғақсыздықты диагностикалауға қолданылады. Егер ырғақсыздық тұрақты синдром болса және дәрілік жолмен емделмесе, оған кардиостимулятор – қолдан жасалған ырғақ жүргізушіні ендіреді.

Егер сіз ырғақсыздық ұстамаларынан зардап шексеңіз, мүмкіндігіңіз жеткенше оларды алдын алуға тырысыңыз. Мысалы күн белсенділігі кезінде (магниттңк дауылдар) ырғақсыздықпен ауыратындарға дәрігерлердің кеңесін мұқият орындау керек және үнемі дәрілерді жанында ұстаған жөн.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз