Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Гастрит және гастродуоденит

Поделиться:
Гастрит және гастродуоденит

Гастриттер жайлы студенттер көп біледі. Жеңіл тамақтану, емтихандардағы стресс осының табиғи нәтижесі. Көктемде және күзде асқорытумен мәселелер басталады: ұлығың келетіндей асқазан ауырады, жүрек айниды, ал қыжылдан тек шай қасық сода мен бір стақан су құтқарады. Бұл не? Гастрит – асқазан қабырғасының шырышты (ішкі) қабатының асқынуы. Асқыну он екі елі ішекке тарағанда гастродуоденит қалыптасады.

Гастриттер мен гастродуодениттерді екі түрге бөледі: асқазан сөлінің қышқылдығы төмен және жоғары.

Ауру жіті болады – алғаш пайда болып, тез қарқын алады және созылмалы болады – ұстамалары жиі емес, бірақ тұрақты қайталанады. Егер жіті гастритті емдемесе, уақыт өте келе ол созылмалыға айналады.

Гастрит және гастродуоденит асқазан ішек жолының ең көп тараған аурулары, статистика бойынша Жер беті халқы ересектерінің жартысынан көбі ауырады.

Себептері

Гастрит және гастродуоденит себептері әртүрлі: дұрыс емес тамақтану, ащы, ыстық және қатты тамаққа құмарлық, алкогольді көп пайдалану, тұрақсыз тамақтану, құрғақ тамақ, стресс, Helicobacter pilori бактериясы, кейбір дәрілерді ұзақ уақыт пайдалану (аспирин, кейбір антибиотиктер), темекі шегу, ішек инфекциялары, созылмалы инфекциялар, ауыз қуысы және жұтқыншақтағы инфекциялар (жегі түскен тістер, көмекей безінің ісінуі), өт қабы, бауыр, ұйқы безі аурулары. Не болып жатады? Гастрит кезінде асқазанның шырышты қабаты зақымдалады, осыдан асқазан сөлі және қорғаныш шырышы компоненттерін бөлетін бездер зардап шегеді, сондай-ақ жасушалардың қалпына келу үдерістері нашарлайды. Нәтижесінде асқазан жұмысы бұзылады, астың қорытылуы жүрмей бастайды.

В условиях воспаления слизистой оболочки желудка усиливается ее всасывательная способность, что часто приводит к интоксикации как самого желудка, так и всего организма. Это проявляется ухудшением общего состояния, быстрой утомляемостью, снижением работоспособности, особенно при физических нагрузках. – Асқазанның шырышты қабаты ісінуі жағдайында оның сіңіру қабілеті күшейеді, ол асқазанның да, тұтас ағзаның да улануына әкеледі. Бұл жалпы жағдайдың нашарлауынан, әсіресе физикалық жүктемелерде тез шаршаудан, жұмысқа қабілеттің төмендеуінен көрінеді.

Қалай тануға болады?

Аурудың алғашқы ұстамасы әдетте адамға аяқ астынан келеді. Күтпеген жерден (көбіне аш қарын) асқазанның жоғары жағында қысылғандай шаншу аурулар пайда болады, жүрегі айнып, құсады. Тағы қыжыл немесе «қышқыл» кекіру, іштің ісінуі және толып кету сезімі, іш өту мен іш қату мазалауы мүмкін.

Созылмалы гастрит жасырын өтуі мүмкін, адамды ештеңе мазаламайды, ол өзін сау санайды. Ал асқазанында жағымсыз құбылыстар болып жатады.

Несімен қауіпті?

Ауыр гастрит және гастродуоденит асқазан мен ен екі елі ішектен қан кетумен аяқталуы мүмкін. Гастрит және гастродуоденит диагнозын гастроэнтеролог дәрігер келесі тексерулерден кейін қоя алады: эзофагогастродуоденоскопия, асқазанды рентгенологиялық зерттеу. Айтатын жайт, қазір дәрігерлер гастритті УДЗ көмегімен де анықтап жатыр. Егер гастрит созылмалы болса, асқазан секрециясы зерттеуін және асқазан шырышты қабаты биопсиясын да жүүргізеді.

Гастритті ойық жара ауруымен шатастырмаған өте маңызды, екеуінің белгілері өте ұқсас!

Лечение - Емі

Гастрит және гастродуоденитті емдеу мынаны қамтиды:

  • Диета. Аурудың алғашқы 1-2 күні тамақ ішпеген дұрыс, тек ішуге болады, сосын жеңіл тамақ (жылы, майсыз, майдалап туралған тағамдар);

  • Әртүрлі дәрілер. Токсиндерді сіңіруші, асқазан қабырғасын жабатын, ауруды сездірмейтін, ауру асқазандағы асқорытуды жеңілдететін, қышқылды азайтатын, кейде инфекциялардан құтылу үшін антибиотиктер қажет.

Көбіне емдеу үйде жүргізіледі, 2-3 апта уақыт алады, созылмалы гастритті ұзақ емдейді (екі жылға дейін). Дегенмен жіті және созылмалы гастрит кезінде емдеу курсынан тыс та үнемі диета ұстаған (ащы, ыстық, қатты тағамдарды; кофе, газды сусын, алкоголь тұтынуды шектеу, темекіден бас тарту керек). Ең қолайлы тамақтану режімін таңдауға гастроэнтеролог және диетолог дәрігер көмектеседі.

Емделуді бақылау үшін көбіне эзофагогастродуоденоскопияны қайтадан өткізеді. Созылмалы гастритпен ауыратындар диспансерлік бақылауда тұруы және жылына кемінде екі рет дәрігерге көрінуі керек.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз
CAPTCHA