Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Жануарларға аллергия

Поделиться:
Жануарларға аллергия

Неден болады?

Ең көп тараған аллергендердің бірі жануарлардікі болып табылады. Үй және ауыл шаруашылық жануарлары олардың көзі болып табылады.

Жануарлардың жүні, қайызғағы, қауырсыны, сілекейі сондай ақ сідігі мен боғы аллергендік белсенділікке ие. Ит, мысық, жылқы, қой, теңіз шошқасы, қоян, аламан, егеуқұйрық пен тотықұстар аллергия ауруына себепкер болуы мүмкін.

Не болып жатады?

Жануарларға аллергиялық реакциялар көбіне аллергиялық тұмаурату және конъюктивит түрінде жіті көрініс табады. Кейде аллергендер бронх демікпесін тудыруы мүмкін.

Жануарларға аллергияның негізгі симптомдарына келесілер кіреді:

Мұрынның бітелуі, мұрынның ағуы, түшкіру; Қышыма және көздің қызаруы, көзден жас; Көкірек қуысынан ысқырған дыбыстың шығуы, құрғақ жөтел; Ауыр дем (ентігу, алқыну); Экзема немесе есекжем белгілері. Алдын алу. Мамандардың ойынша мәселенің ең дұрыс шешімі, аллерген көзімен бойланысты болдырмау және әуелі үй жануарларын ұстаудан бас тарту. Өкінішке орай кейде бұл толық емделуге жеткіліксіз, себебі жануарлардың аллергендері ауа арқылы жеңіл тарайды және басқа адамдардың киіміне тез сіңеді. Дегенмен ауыратын адам мүмкіндігінша жануарлармен байланысты азайту керек.

Егер жануардың көзін құрту мүмкін болмаса оны кемінде аптасына 1 рет жуу керек, бірақ өзі жумауы тиіс. Үй-жайда жануардың тері бөлшектерін санын азайту үшін кілемдерді, жұмсақ жиһазды және шаң жинайтын дүниені шығарып тастау керек. Ауа тазалағыштарды пайдалану қажет.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз
CAPTCHA