WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Өз үйінде аллергия

Поделиться:
Өз үйінде аллергия

Аллергия – әртүрлі заттарға деген күшті сезімталдық, олармен байланысқанда ерекше реакциялармен көрініс табады. Бізді қоршаған кез келген нәрсе аллерген болуы мүмкін. Тіпті сіз көктемгі тозаңнан тығылып отырсаңыз да, аллергиядан қаштыңыз деп айту қиын.

Аллергия на домашнюю пыль – Үй шаңына аллергия

Кез келген үй шаңы аллергендер жиынтығы. Оның құрамына кітапхана шаңы (целлюлоза), жануарлар мен құстардың қауырсын, жүн және қайызғақ бөлшектері, жүн талшықтары, адамның шашы мен тері бөлшектері, зең саңырауқұлақтары және бактериялардың споралары, жәндіктердің (тарақан), мақта мата, жиһаз қабының және т.б. бөлшектері бар. Аталғандардың барлығы аллергиялық аурудың себебі болуы мүмкін, бірақ тұрмыстық аллергендердің ең басты себебі үй шаңы кенесі. Үй шаңына аллергияның негізгі симптомдары төмендегілер:

Ауыр дем (ентігу, алқыну); - Көкірек қуысындағы ысқырық дыбыстар; Түйілмелі (ұстама тәрізді) өнімсіз жөтел; Мұрынның бітелуі, мұрыннан су сияқты бөліністер, түшкіру; Қышыма және көздің қызаруы, жас ағу; Экзема немесе есекжем белгілері. Симптомдар түнде төсекте және таңертең оянғанда, үйді жинағанда ерекше анық білінеді. Симптомдар жыл бойы білінеді және кенелер көбейетін күз бен қыста айрықша мазалайды. Санының ең көп мезгілі тамыз айы соңы қазан айы басына келеді.

Зеңге аллергия

Зең саңырауқұлақтарымен байланысты аллергия көбіне саңырауқұлақ споралары көп таралатын маусымда пайда болады. Жылдың жылы мезгілі – маусым-шілде мен қыркүйек-қазан аралығы.

Аллергия симптомдары саңырауқұлақтың өте ұсақ спораларын немесе бөлшектерін деммен тартқанда дамиды:

Тыныстың тарылуы (алқыну, ентігу); Жөтел; Мұрынның бітелуі, түшкіру ұстамалары. Саңырауқұлақтар асқазанға түскенде келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: Асқазанның ауруы; Іш өту; Жүрек айну, құсу; Ауыз қуысының қышуы, Квинке ісінуі; Есекжем. Зең саңырауқұлақтарының өсу және көбею орнына жылы, ылғалды, нашар желдетілетін үй-жайлар, салқындату және жылыту жүйелері; ауа баптағыштар, плиталар үстіндегі ауа тазартқыштар, ыдыс-аяқ жуатын мәшинелер. Саңырауқұлақтар тұсқағаздарда, жуынатын бөлме мен дәретхана қабырғаларында, үй гүлдерінде, қоқыс шелектері мен контейнерлерінде өседі. Гүл құмырасының ылғалды топырағы зең саңырауқұлақтары дамуына жақсы орта болып табылады.

Жәндіктерге аллергия

Аллергия симптомдары жәндік денесінің немесе олардың іс-әрекеті өнімдерінің бөлшектерін демімен тартқанда, шаққанда пайда болады. Аллергия қансорғыш жәндіктердің (маса, шіркей, сона, бүрге) шаққанына және басқа жәндіктермен (тарақан, көбелек, шегіртке және т.б.) байланысқанда пайда болуы мүмкін. Тарақан аллергендері үй шаңында да бар. Аллергияның ең қауіпті түрі жарғаққанатты жәндіктердің (жабайы ара, ара және т.б.) шағуына аллергия.

Адамдардың шаққанға үйреншікті және қалыпты жауабы шаққан жермен шектелетін ауыру, ісіну мен қызару. Кейде жауап біршама күшті болуы мүмкін, білінерліктей ісіну мен ауырулар. Мұндай жауап жағымсыз болғанымен, әдетте 2-3 күнге ғана созылады.

Латекске аллергия. Латекске аллергия онымен күнделікті байланыса бастағаннан әртүрлі мерзімі ішінде көрінуі мүмкін, бірнеше күн, ай немесе жылдан кейін. Латекстен жасалған қолғаптарды қолданатын дәрігерлер мен тамақ өнеркәсібі жұмысшылары және құрамына латекс кіретін мүшеқапты қолданатын адамдар латекске аллергияға ерекше бейім келеді.

Құрамында латекс бар бұйымдармен байланыстан кейін пайда болатын гиперемия, қышу, ісу немесе бөрту секілді түрлі тері симптомдары латекске аллергияға өте тән. Латекс бөлшектері ауа арқылы тарауы мүмкін, онда респираторлық аллергияның келесі симптомдары пайда болады: түшкіру, мұрынның ағуы, көзден жас ағу, қышу және көздің қызаруы, тыныс біту симптомдары.

Тұрмыстық химияға аллергия

Аллергияның бұл түрі тұрмыстық химия өнімдерін жетілдіру қарқынына қарай жыл сайын кең етек алып жатыр. Ол мынадай тері жауаптарымен көрініс береді: қышу, қызару, затпен байланысу орнында терінің түлеуі. Сондай-ақ зат бөлшектерін дем тарту барысындағы тыныс алу симптомдары.

Қандай аллергендер ауруға себепкер екенін тері сынамалары арқылы анықтайды. Білектің сырт тұсына әртүрлі аллергендерді жағады және жіңішке инемен теріні сәл теседі. Біраздан кейін ағза жауабын бағалайды. Егер тері қызарса және ісік пайда болса, онда ағза аталған затқа сезімтал.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз