Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

Аллергиялық коньюктивит

Поделиться:
Аллергиялық коньюктивит

Бұл не?

Аллергиялық коньюктивит – көздің шырышты қабығының аллергиялық қабынуы. Аллергиялық коньюктивиттер бүкіл халықтың 15%-н зақымдайды. Аллергиялық коньюктивит поллинозды безгектің көрінісі ретінде, дәріге аллергия, жануарларға аллергия, жанаспалы линзаға және т.б. секілді пайда болуы мүмкін.

Неден болады?

Аллергиялық коньюктивиттің себебі түрлі аллергендер – бактериялар, вирустар, дәрілік заттар, косметикалық заттар, тұрмыстық химия заттары, химия, текстиль, ұн өнеркәсібі кәсіпорындарындағы физикалық және химиялық факторлар, жарық энергиясы және иондаушы сәулелену және т.б. Аллергенге сезімтал адам көзінің шырышты қабатына аллерген түскен кезде аллергиялық жауап пайда болады. Аллергиялық коньюктивиттер көбіне бронх демікпесі, аллергиялық ринит, оғаш дерматит секілді аллергиялық аурулармен үйлеседі.

Не болып жатады?

Аллергиялық коньюктивитті ұқсас симптомдарына қарап «көздің қызарған ауруы» дейді. Көз қышиды немесе ашиды, жас ағады, қабақ қызарады және ісиді, көз қарлығады. Кейде аурумен қатар тұмау және жөтел жүреді. Аллергиялық коньюктивитте екі көз бірлей зақымдалады. Көбінде Аллергиялық коньюктивит біленбестей көрініп ұзақ өтеді және емдеуге келмейді.

Диагноз

Офтальмолог немесе аллерголог ауруды тексерген не сұрастырған кезде диагноз қояды. Көбіне пациентте конъюктивиттен басқа да аллергиялар көрініс табады. Нақты аллергенді белгілеу үшін жіті зерттеу жүргізу қажет, соның ішінде тері сынамаларын қою да бар.

Емдеу

Аллергиялық коньюктивит дәрігер бақылауымен емделеді. Дұрыс емдесе барлық симптомдарды жоюға болады. Емдеу 10-14 күн ішінде жүргізіледі. Емдеу үшін ауру тудыратын аллергенді анықтау өте маңызды және онымен байланыс мүмкіндігін толық жою керек. Дегенмен бұл ылғи мүмкін болмайды. Ондай жағдайларда дәрігер дәрімен емдеуді тағайындайды. Аллергияның кішкене симптомдарында салқын компресс пен жайсыздықты азайту үшін «қолдан жас шығаруды» тағайындаудың өзі жетуі мүмкін. Ауыр жағдайларда дәрігер қабынуға және аллергияға қарсы тамшы мен таблетка түріндегі препараттар тағайындауы мүмкін.

Алдын алу

Аллергиялық коньюктивиттің пайда болуын алдын алу үшін аллергияны тудыратын мына заттармен байланысу мүмкіндігін төмендету керек: үй шаңы, тарақандар, үй жануарлары, балықтарға арналған құрғақ қорек, тұрмыстық химия заттары,косметикалық заттар және т.б. Байланыспау мүмкін болмаса дәрігер тағайындаған аллергияға қарсы дәрілерді алдын ала көзге тамызу керек.


Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз
CAPTCHA