WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

«Медикер» ЖШС БҰҰ-ның жаһандық шартына қосылды

Поделиться:
«Медикер» ЖШС БҰҰ-ның жаһандық шартына қосылды

Понедельник 27 Март 2023

«Медикер» ЖШС (бұдан әрі – Компания) ресми түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының (UN GlobalCompact) жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болғанын хабарлайды.

БҰҰ-ның жаһандық шарты («Бизнестің халықаралық жауапкершілігі шарты» деп те аталады) – бұл бизнес қауымдастығын экономикаға, қоғамға және қоршаған ортаға әсерлері үшін жауапкершілікті қабылдауға шақыратын Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған бастама.


  Бұл бастамаға қосылу Компанияның өз қызметінде БҰҰ-ның адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жаһандық шартының он әмбебап қағидатын оның кез келген көріністерінде дәйекті түрде енгізуге бейілділігін растайды, сондай-ақ БҰҰ-ның он жалпы қағидаттары мен құндылықтарын ілгерілету мақсатында қатысушылардың стратегиялары мен қызметін үйлестіру және тұраұты даму саласындағы әлеуметтік мақсаттар мен мақсаттарға қол жеткізу үшін шаралар қабылдау ниетін білдіреді.

  Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес біз тұрақты даму саласындағы мынадай қағидаттарды сақтаймыз:

 • Ашықтық
• Есеп берушілік
• Айқындық
• Этикалық мінез-құлық
• Мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу
• Заңдылық
• Адам құқықтарын сақтау
• Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
• Мүдделер қақтығысына жол бермеу
• Жеке бастық үлгі

«Медикер» ЖШС өз қызметіне орнықты даму қағидаттарын ықпалдастыра отырып, тұрақты дамудың 17 мақсатын (бұдан әрі – ТДМ) ұстанды. Компания әрбір ТДМ көрсететін экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті болып табылатынын және қызметтің кез келген саласына әсер ететінін түсінеді. Компанияның БҰҰ-ның жаһандық шартына қосылуы орнықты даму саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді және бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын тек медицина саласында ғана емес, жалпы қазақстандық іскер қоғамдастықта ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз