WhatsApp
Қазақстандағы бірыңғай байланыс орталығы:
8 800 080 76 76

МЕЙІРІМ емханасында станционарлы бөлім мен ПТР-зертхана ашылды"МЕЙIРIМ" медициналық және диагностикалық орталығындағы тәулік бойы жұмыс істейтін станционардың жұмысы қайта жанданып, емхана жаңа науқастады қабылдауға сақадай сай

Поделиться:
МЕЙІРІМ емханасында станционарлы бөлім мен ПТР-зертхана ашылды"МЕЙIРIМ" медициналық және диагностикалық орталығындағы тәулік бойы жұмыс істейтін станционардың жұмысы қайта жанданып, емхана жаңа науқастады қабылдауға сақадай сай

Среда 19 Август 2020

"МЕЙIРIМ" көпбейінді медициналық орталығы (ары қарай КМО) 2004 жылы ашылып, 15 жылдан астам уақыт бойы жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету арқылы халықтың ықыласы мен сеніміне бөленді. 2016 жылдан бастап "МЕЙІРІМ" КМО кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізбесі аясында амбулаторлы-емханалық және станционарлы түрде науқастарды қабылдауға кірісті. 2016 жылы емхана бірінші дәрежелі сертификатқа ие болып, өзінің ұлттық аккредитациялық стандарттарға сай екенін растады.

Қазіргі таңда "МЕЙІРІМ" КМО науқастарға бірқатар кең ауқымды медициналық көмек ұсынады, атап айтсақ, консультациялық-диагностикалық, станционарлы, хирургиялық және зертханалық қызметтер. Орталықта Қазақстанның және шетелдің беделді емханаларында оқып келген жоғары квалификациялы мамандар қызмет атқарады. Ал емхананың медициналық жабдықтармен қамтылуы заманауи көпбейінді технологиялық орталықтың талабына сай келеді, немістің алдыңғы қатарлы медициналық құрал-жабдықтары сатып алынды.

Станционарлы бөлімді модернизациялаудың негізгі мақсаты - науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа станционарлы бөлім КВИ таралу жағдайындағы барлық санитарлық-эпидемиялогиялық шарттарға сай келеді, "таза" және "лас" бөлмелеріндің арасы алшақтатылып, станционарлы және амбулаторлы науқастардың ағымы ажыратылды, жеке вентиляциялық жолдар қамтамасыз етіліп, палаталарға дайын тамақты жеткізу арқылы науқастардың жеке тамақтануына жағдай жасалды, бір орынды палаталардың саны көбейтілді.

Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігіні аса мән берілді. Аурудың жұқтыру қауіпін алдын алу үшін балаларға және ересектерге арналған ауаны тазартатын жабдықтары бар бөлмелер ұйымдастырылды, жеке қорғаныс құралдары сатып алынды. Ал эпидемиялогиялық ахуал қайта өршіп кетсе, жедел түрде ресурстарды тартып, емхана базасында провизорлы станционар құруға болады.

COVID-19 пандемиясы кезінде диагностика жасаудың өзектілігін ескере отырып, емханада жаңа бағыттар ашылды:

  • ПТР диагностика;
  • Компьютерлік томография;
  • Рентгенография кабинетіндегі жабдықтар жаңартылды.
  • Науқастардың ауруға шалдығуын болдырмас үшін ПТР диагностика жасау бөлек ғимаратта жүргізіледі. Бұл науқастар мен қызметкерлер бір-бірлерімен кездесіп қалмауы үшін атқарылып отыр.

Айтылған өзгерістер "МЕЙІРІМ" КМО-ның наустарына жан-жақты әрі сапалы медициналық көмекті ыңғайлы және қауіпсіз түрде алуға жол ашады.




Возврат к списку

Пікіріңізді қалдырыңыз